10.09.2018, 13:24 1367 Жағажай футболынан Қазақстан Еуролиганың промо-финалында үшінші орын алды

Италияның Альгеро қаласында өткен жағажай футболынан 2018 жылғы Еуролиганың промо-финал ойындары аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін өткен ойында Болгария құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Болгария – 4:3

Голдар: Чапанов 8, Демешко 21, Муралинов 22, Перевертов 24 – Филипов 21, 33, Димов 22.

Алаңнан қуылған ойыншы: Чорный 10, Адамов 22.

Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Муралинов, Ковган, Ералы, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон.

Бас бапкер - Е. Жамантаев.

Төрешілер: Гюнтер, Утулу, Соарес, Беншабане.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал