19.06.2018, 11:28 660 Жағажай футболынан Қазақстанның Еуролигадағы қарсыластары анықталды

Жағажай футболынан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуролигада Грекия, Молдова және Литва құрамаларымен бір топта ойнайтын болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Біздің футболшылар Еуролиганың «В» дивизионында ойнайды. Бұл кезеңдегі қарсыластар үш топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің ойындарын 20-22 шілде күні Мәскеуде өткізеді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының Еуролигадағы ойын кестесі:

20.07.2018. Молдова - Қазақстан

21.07.2018. Грекия - Қазақстан

22.07.2018. Қазақстан - Литва.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал