25.08.2018, 15:45 522 Жағажай волейболынан қазақстандық жұп Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Жағажай волейболынан сынға түскен Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда Машкова/Цимбалова жұбы  қытайлық қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық волейболшылар Жапония құрамасымен кездеседі. Жартылай финалдық матч 26 тамыз күні өтеді. 

Еске сала кетейік, Машкова/Цимбалова жұбы D тобында өнер көрсетіп, іріктеу айналымын бірінші орынмен аяқтаған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал