27.09.2018, 10:23 867 Жағажай волейболының рейтингілік турнирінде 4 қазақстандық команда келесі кезеңге өтті

Таиландтың Сатун қаласында жағажай волейболынан әлем чемпионтына жолдама беретін рейтингілік турнир жалғасуда. Екінші жарыс күнінен соң келесі кезеңге өткен командалар белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев жұбы үшінші матчта жапондықтарды ұтып, ширек финалға өтті. Олардың бүгінгі қарсыластары – австралиялықтар.

Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы да ¼ финалда бақ сынайды. Олар Жаңа Зеландия өкілдеріне қарсы ойнамақ. Жаңа Зеландия спортшылары бұған дейін қазақстандық Кулешов/Бабичев жұбын ұтқан еді. 

Әйелдер арасында Кристина Жук пен Елизавета Еропкин қытайлық қыздардан ұтылып, жарыстан шет қалды. Б. Самалықова мен А. Раченко, сондай-ақ, Т. Машкова мен И. Цимбалова жұбы да қарсыластарына жол берген. Алайда, олар ұпай санының көптігіне байланысты келесі кезеңге өтті. 

Бақытгүл мен Алина қытайлықтармен, Татьяна мен Ирина таиландтықтармен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал