16.02.2018, 23:46 1206 Жақиянов мансабын аяқтады

Фото: betboxing

Танымал қазақстандық кәсіби боксшы, WBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов спорттағы карьерасын аяқтау жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Мен карьерамды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Оған негіз болған себептер аз емес. Мен 3-4 ай бойы ойланып, бүгін міне, тиісті шешім қабылдадым. Осы уақытқа дейін мені қолдап келген азаматтардың барлығына алғасымды білдіргім келеді. Бірінші кезекте мен жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ бақилық болған бапкерім, Александр Николаевич Лебедевке алғым шексіз. Бапкерлерім Рикки Хаттон, Майк Джексон, Виктор Ивановқа басымды иемін. Менеджерлерім Филипп Фондю мен Ерік Жайлауовқа рахмет. Бұлардың барлығы да маған барлық жағынан қолдау көрсеткен азаматтар. Мен үлкен жолдан өттім, енді соны аяқтайтын уақыт та жеткен сияқты»,-деп мәлімдеді Жанат Жақиянов.
  • Жақиянов кәсіпқой бокста 29 жекпе-жек өткізді. 27 рет жеңіске жетіп, небәрі 2 рет қарсыласына жол берген.
  • Қазақстандық боксшы шаршы алаңдағы соңғы кездесуін Райан Барнеттке қарсы өткізді.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Жанат Жақиянов жайлы документалды фильм түсірілген болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал