07.06.2018, 18:15 1148 Жаңартылған FIFA рейтингі шықты. Қазақстан өз орнын сақтап қалды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Айтылған тізімде Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды(119).  

Жаңартылған рейтингте бұрынғыша Германия көш бастаса, Бразилия екінші орында келеді. Ал Бельгия құрамасы үздік үштікке енді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осыдан екі күн бұрын Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 3-0 есебімен ойсырата жеңген еді. Дәл сол әзірбайжандықтар рейтингте 21 сатыға жоғары өрмелеп, 105-ші орынға табан тіреді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал