27.11.2017, 11:37 16866 Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы атанды

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті. Турнир Италияның курорт қаласы Тарвизиода (World Junior and Girls Under 20 Chess Championship 2017) өтті.

Веб-баспагер Александр Ляхов Фейсбуктегі парақшасында жазуынша, Жансая Әбдімәлік 2015 жылғы әлем біріншілігінің күмісі мен 2015 жылғы  қоласын көптен күткен алтын медальға айырбастады.

А.Ляховтың жазуынша, өткен жылдары турнир өте қатаң форматта яғни, швейцарлық жүйемен 12 турға созылған. Онда шахматшыға тынығуға бір күн ғана демалыс берілген. Қазір турлар саны азайтылып 11-і ғана қалды. Ал демалыс күндері көбейді (5-ші және 9-шы турдан соң беріледі).

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал