14.05.2018, 15:51 763 Жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты аяқталды

Өзбекстанның Ташкентқаласында күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Грек-рим күресінен кейін іле шала жарысты бастаған еркін күрес балуандары Қазақстан қоржынына 7 күміс, 1 қола медаль салды. Қыздар арасындағы бәсекеде бойжеткендеріміз 2 қола медальға ие болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, еркін күресте 7 бірдей балуанымыз финалға шыққанымен барлығы да қарсыластарына есе жіберді. Атап айтсақ, Сұлтан Құрманалиев (45 келі), Асылхан Есенгелді (48 келі), Кенесары Тайырбек (51 келі), Ауез Сеитбаев (55 келі), Яссауи Мүхтарұлы (60 келі), Бекзат Жалғасов (65 келі), Юнус Гафуров (92 келі) сынды балуандарымыз Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады. Қоржынымызға түскен жалғыз қола медаль 71 келідегі Исламбек Ілиясовтың еншісінде.

Командалық есепте Қазақстанның еркін күрес балуандары 171 ұпаймен екінші орынға ие болды. Иран 196 ұпаймен бірінші орында. Өзбекстан үздік үштікте - 146 ұпай.

Қыздар арасында Марал Тәңірбергенова (40 келі) мен Нулифар Раимова (49 келі) – Азия чемпионатының қола жүлдегерлері.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал