20.09.2018, 16:13 6206 Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жеңіл атлеттеріміз қаншалықты дайын

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасы жақындап қалды. Қазіргі кезде спортшылар соңғы дайындық кезеңінде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Осыдан 4 жыл бұрын Қытайдың Нанкин қаласында жеңіл атлеттерден Любовь Ушакова (400 метрге жүгіру), Иван Соловьев (үш қарғып секіру), Анастасия Сергеева (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Екатерина Нестерова (ядро серпу), Варвара Назарова (найза лақтыру), Владислав Григорьев (200 метрге жүгіру). Осылардың көбісі қазіргі кезде ұлттық құрама сапында жүр.

Ал енді Буэнос-Айрестегі Олимпиада ойындарына Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Анастасия Глухарева (үш қарғып секіру), Галина Панасенко (2 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Кристина Морозова (5 шақырымға спорттық жүріс), Ефим Тарасов (400 метрге жүгіру).

Жасөспірімдер Олимпиадасы биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс 6-18 қазан аралығына жоспарланған.Жеңіл атлетика сайыстары 11 қазанда басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал