07.11.2018, 9:10 6631 Жасталап Санауов Халықаралық федерацияның атқарушы комитетінің құрамына кірді

Халықаралық карате федерациясы Мадридтегі әлем чемпионаты-2018 қарсаңында Конгресс өткізді. Іс-шара аясында осы спорт түрін дамытудың негізгі бағыттары қозғалды, сондай-ақ өткен спорттық іс-шаралардың есептері жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Одан бөлек, жиында болашақ әлем чемпионаттарының өтетін орны айтылды. Сантьяго-де-Чили 2019 жылы кадеттер, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі қатысушылар арасында әлем біріншілігін қабылдайды. Ал Будапешт ересектер арасында өтетін ӘЧ-2022 үшін таңдалған. 

Тағы бір маңызды қаулы, атап айтқанда Қазақстан үшін WKF Атқарушы комитетінің құрамын жаңарту болды. Оның өкілдері арасында енді Қазақстан командасының бас бапкері Жасталап Санауов болады. 

WKF басшысы Антонио Эспиноз каратені олимпиадалық спорт түрі ретінде дамытудың аралық қорытындылары, 2018 жылғы жасөспірімдер олимпиадасын талқылау жұмыстары, сондай-ақ 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында дебютке дайындық туралы баяндама жасады.

"Бүгін біз 2020-жылғы Олимпиадада каратені таныстыру үшін өте тиімді жағдайда тұрмыз. Біз үлкен отбасы өкілдерінің әмбебаптығын, спорттық рухын және ең жақсы қасиеттерін көрсете алдық. Буэнос-Айрестегі марапатқа ие болған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы алғашқы олимпиада жүлдегерлері-карате үшін маңызды оқиғалардың бірі және тарихтың бір бөлігі болды. Қазір біз Олимпиада-2020 бағдарламасына спорт түрін ұсыну бойынша қомақты жұмысты жалғастырудамыз",- деді Эспиноз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал