04.03.2018, 22:15 862 Жекпе-жектен Қазақстан чемпиондары анықталды

Қызылорда қаласында 2-4 наурыз күндері  ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.

Облыста алғашқы мәрте өткізілген сайыс Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 180 спортшы қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

 

Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрама командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды - Қарағанды облысы, үшінші орынды Астана қаласының спортшылары иеленді.

Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығының вице-президенті, жарыстың бас төрешісі Ринат Абикешевтің айтуынша, кубок жеңімпаздары мамыр айында Минск қаласында (Беларусь) өтетін Еуропа чемпионатына қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломдары, медальдары мен кубоктары тапсырылды.

  
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Ерлер:

55 келі:

I орын  Қазбек Сағын (Алматы қ.)

II орын Ерғали Наханов (Ақмола)

III орын  Жандос Мадехиянов (Қарағанды)                                                    

 III орын Ануар Кәрібаев (СҚО)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал