04.07.2018, 11:25 642 Жеңіл атлеттер Олимпиада жолдамасы үшін Таиландқа аттанды

4 шілде күні биылғы жылдың қазанында Буэнос-Айресте өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына Азия аймақтық іріктеу сыны басталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтың 2001-2002 жылдары туылған үздік жеңіл атлеттері Азияға бөлінген 89 жолдамаға таласатын болады. Жасөспірім ер балалар спорттың 18 түрінен 57 жолдама, қыздар 32 лицензияға таласпақшы. 

Қазақстан құрамасы сапынан аталған жарысқа 36 спортшы қатысады (15 ер бала, 1 қыз бала). Ер балалар спорттың 13 түрі бойынша, қыздар 16 түрі бойынша бақ сынайды. Әр дисциплинадағы квоталар саны да әртүрлі (бірден сегізге дейін). Осыған қарап, Олимпиада жолдамасын жеңіп алу оңайға соқпайтынын білуге болады. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал