24.06.2018, 11:00 866 Жеңісті жорық жалғасады. Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

 

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Нұрсұлтанов Лос-Анджелес қаласында мексикалық боксшы Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) ұшырасты. Отандасымыз қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Айта кету керек, жекпе-жектің өзі алты раундқа жоспарланған еді.

Қос боксшының арасындағы төбелесті «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Біз бүған дейін аталған боксшылардың салмақ өлшеу рәсімінен өткендігі туралы жазған едік. Мейірімнің салмағы 163,5 фунтты құраса, ал Обандо тура 164 фунт болып шықты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал