05.04.2018, 18:29 954 Жеребе тартылды. Қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогындағы қарсыластарын білді

Бүгін Хорватияның Вараждин қаласында Дэвис кубогының ширекфиналдық Хорватия - Қазақстан матчының жеребе тарту рәсімі өтті.

Ертең алғашқы болып кортқа Дмитрий Попко мен Марин Чилич шығады. Артынша, Михаил Кукушкин Борна Чоричпен кездеседі.

Жұптық сайыста Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин хорватиялық Иван Додиг - Никола Мектич дуэтімен күш сынасады.

Соңғы жарыс күні Кукушкин - Чилич және Попко - Чорич кездесулері өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал