15.03.2018, 11:43 894 Жеті қазақстандық боксшы Польшадағы турнирдың жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан құрамасының жеті мүшесі Варшавада (Польша) Феликс Штамм турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Әділбек Ниязымбетов (81кг) Белорусь елінен келген Михаил Долголевецті жеңді. Естеріңізде болса, Рио Олимпиадасында қос боксшы кездесіп үлгерген. Ал, Бекдәулет Ибрагимов (64кг) тағы сол елдің басқа боксшысы Максим Вислаухты тізе бүктірді. Асланбек Шымбергенов (69кг) чех спортшысы Зденек Хладекты жарыс жолынан шығарса, ал Абай Төлеш (75кг) жарыс қожайындарының өкілі Станислав Гибадлодан басым түсті.

Бүгін, 15-ші наурыз күні жартылай финалда жоғарыда айтылған спортшылар шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, олардың қатарында Ілияс Сүлейменов (56кг), Антон Пинчук (91 кг дейін) және Айболды Дәуренұлы (91 кг жоғары) бар.

Ал, Жомарт Есжан (49 кг), Азамат Исақұлов (52кг) және Берік Әбдірахманов (60кг) турнирден шет қалды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал