30.03.2018, 11:51 1059 Жүкембаев пен Нуньес: алғашқы көз арбасу

Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов 31 наурыз күні Монреаль қаласында өтетін бокс кешінің баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Айтулы бокс кешінің қатысушылары қарсыластарымен көз арбасты.

Баспасөз мәслихаты барысында Батыр Жүкембаев мексикалық боксшы Ноэ Нуньеспен алғаш рет бетпе-бет келді.

Абылайхан Құсайынов дәл сол бокс кешінің андеркатында тағы басқа мексикалық спортшы Гилберто Мезамен ұшырасады.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан қалың жұртқа өзінің жаңа шәкірті қазақстандық Сахриддин Ахмедовты таныстырды. Канаданың промоутерлік компаниясы Ахмедовтың алғашқы кездесуін сәуір айында өткізуді жоспарлап отыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал