20.08.2018, 16:08 595 Жұлдыз Ешімова Азия ойындарының финалында белдеседі

Әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Ешімова моңғолиялық балуанды 12:11 есебімен, бір ұпай айырмасымен жеңді. 

Алғашқы айналымдарда Жұлдыз Оңтүстік Корея және Таиланд қыздарынан басым болған еді.

Финалда қазақстандық спортшы Солтүстік Корея өкілі Пак Юнг Мимен Азия ойындарының алтынына таласады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал