12.04.2018, 11:02 831 Жүзуден Қазақстан құрамасы Испаниядан олжалы оралды

Малага қаласында жүзуден Испания ашық чемпионаты аяқталды,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күні Дмитрий Баландин үшінші алтын жүлдесіне қол жеткізді. Жерлесіміз 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде қарсылас шақ келтірмеді. Дәл сол қашықтықта бірақ баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс медаль иеленді. Ал 50 метр қашықтықта еркін стильмен жүзуде Әділ Қасқабай қола медаль еншіледі.

Жалпы Испаниядағы халықаралық турнирде спортшыларымыз жалпы сегіз медальға қол жеткізді. Дмитрий Баландин үш алтын иеленсе, Әділбек Мусин екі күміс медальға ие болды. Әділ Қасқабайдың еншісінде бір күміс және бір қола медаль. Тағы бір қоланы Айбек Қамзенов еншіледі.

"Маусымды сәтті бастадық! Индонезияда өтетін Азия ойындарына дайындығымыз керемет өтуде. Алда спортшыларымызды сәуірдің 23-27 аралығында Ақтөбеде өтетін Қазақстан чемпионаты күтіп тұр, - деді ҰОК сайтына жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Вагизов.


  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал