06.12.2017, 10:57 582 Жыл жекпе-жегі: қарымта кездесудің уақыты анықталды

«Fox Deportes» журналистінің мәліметі бойынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес қарымта кездесудің уақытын келістірді. Өздеріңіз білесіздер, Лас-Вегастағы жекпе-жектен кейін қос боксшы да рингте қайта кездесуге дайын екендіктерін мәлімдеген еді.

Боксшылардың келесі кездесуі 2018 жылдың 5 мамыры күні Синко де Майо мерекесінде өтеді деп жоспарланған.

Головкиннің өкілдері келісімін беріп қойды, ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя келісімшартқа қол қою үшін осы аптада Альвареспен кездеседі.  

Жекпе-жектің өткізілетін орны әзірге анықталған жоқ. Дегенмен, Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» және бірінші айқас өткізілген Лас-Вегастағы T-Mobile Arena жекпе-жекті өткізуге үміткер нысандар ретінде қарастырылып жатыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал