23.02.2018, 17:25 9901 15 жастағы жасөспірім Олимпиада чемпионы атанды

Бүгін Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Пхенчхан қаласында өтіп жатқан әлемдік бәсекенің басты оқиғаларының бірін айтты.

Олимпиада туы астында сынға түсіп жатқан Ресей құрамасының 15 жастағы спортшысы Алина Загитова алғашқы алтын медаліне қол жеткізді. Олимпиада комитеті мұны бүгінгі күннің басты жаңалықтарына балады.

«Алина Загитова 18 жастағы өзінің отандасы Евгения Медведеваның алдын орап кетті. Осылайша ол Пхенчхан Олимпиадасындағы ең жас чемпион спортшылардың бірі атанды», - деп жазды комитеттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада сынға түскен отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева қос сайыс қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарын 12-ші орынмен аяқтаған болатын. 

 




  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал