10.05.2018, 11:30 812 Абылайхан Кәдіржан BATTLE OF NOMADS Гран-приінде жеңіске жетті

ММА апталығы барысында 61,2 келіге дейінгі жеңіл салмақ дәрежесінде BATTLE OF NOMADS Гран-придің бастапқы жекпе-жектері өткізілді.
Турнир қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды. Алғашқы кездесу дебютант Ержан Ердәулет пен украиналық Олексий Бондаренко арасында өтті. Жекпе-жектің екінші раундында Украина спортшысы бірнеше ауыр соққы жасап қазақстандықты техникалық нокаутпен жеңіп кетті. Екінші кездесу қазақстандық Самат Жағыпаров пен өзбекстандық Жасурбек Анарбоев арасында өтті. Осы жекпе-жек те бізге жеңіс әкелмеді. Тартысты өткен айқаста төрешілердің шешімімен Анарбоев жеңді. Үшінші жекпе-жектің алғашқы екі раундта қарсылас басым түсті. Алайда үшінші раундтың 4-минутында Абылайхан Кәдіржан ауыртатын әдіспен жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Айта кетерлігі, Абылайхан «Мансұр» Кәдіржан BATTLE OF NOMADS Гран-при турнирінің ширек финалында жеңіске жеткен жалғыз қазақстандық.
Турнир соңында испандық Carlos Eduardo TETO TERRANOSA de Azevedo қырғыз Мықтыбек Өскөнбоевпен айқасты. Жекпе-жек алдында испандыққа межеленген салмағы асып кеткені үшін сары карта берілген еді. Алайда ескерту алғанына қарамастан TETO TERRANOSA төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Еске сала кетсек, 8-11 мамыр аралығында Астанада ММА апталығы барысында Қазақстанның аралас жекпе-жектен VI чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан чемпионы титулына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200 спортшы бақ сынауда. Ертеңгі нәтижес бойынша жасөспірімдер және ересектер арасында 14 салмақ дәрежесінде финалға шығатындар белгілі болады.

 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал