30.03.2018, 6:59 821 Ақмолалық биатлоншы Азия чемпионы атанды

Ақмолалық биатлоншы Роман Еремин Щучинск қаласында өтіп жатқан Азияның ашық чемпионатында алты медаль алды.

Айта кетейік, бүгін Бурабай ауданының Щучье қаласында биатлоннан Азияның ашық чемпионатының ашылуы өтті. Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа Ресей, Қырғызстан және еліміздің 10 облысынан келген 100-ден астам спортшы қатысуда. Олардың арасында Оңтүстік Кореяда өткен Пхенчхан Олимпидасының қатысушылары да бар.

Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында өткен 20 шақырымдық жарыста Ақмола облысының Сандықтау ауданынан қатысқан Роман Еремин үздік нәтиже көрсетті. Онда кейін Шығыс Қазақстан облысының өкілі Владислав Витенко мен павлодарлық Антон Пантов екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал