- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (6-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінің мерзімі анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.
Нұрсұлтанов 23-ші маусым күні Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theater аренасында мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланды.
Негізі дәл осы бокс кешінде басқа қазақстандық Қанат Ислам мексикалық Фернандо Каркамомен жұдырықтасатын еді. Алайда, отандасымыз жарақатына байланысты ұрыстан бас тартты.
Сондай-ақ, оқи отырыңыз - Әли Балоев АҚШ-та титулдық жекпе-жек өткізеді