27.09.2018, 10:00 9578 Алексей Луценко велоспорттан әлем чемпионатында 13-ші орыннан көрінді

Австрияның Инсбурк қаласында велоспорттан әлем чемпионаты жалғасуда. Азия ойындарының чемпионы Алексей Луценко жекелей сында 13-ші орыннан көрінді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

52.1 шақырымдық жарысқа 56 велошабандоз қатысты. Бұл сында Қазақстан намысын Алексей Луценко ғана қорғаған болатын. 

Біздің спортшымыз мәреге жақындағанда жылдамдықты үдетіп, 13-ші сатыға тұрақтады. Луценко осы сында чемпион атанған австралиялық Деннис Романнан 4:07.98 көрсеткішімен қалып қойған.

Күміс жүлде Нидерланд өкілі Том Дюмулиннің еншісінде. Қола жүлдеге бельгиялық Виктор Кампенартс қол жеткізді. 

Еске сала кетейік, 2018 жылғы Азия ойындарында Алексей Луценко екі мәрте чемпион атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал