20.11.2018, 13:04 8463 Әлем чемпионатында қазақ қыздарының ширек финалдағы қарсыластары анықталды

Бокстан Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес өкілі ширек финалға жетті.

Жайна Шекербекова (51 келі), Милана Сафронова (64 келі), Карина Ибрагимова (48 келі), Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева әлемдік сынның жартылай финалына шығу үшін барын салмақ. 

Қазақстан құрамасы ширек финалға өткен спортшылар саны бойынша үшінші орында тұр. Бірінші орында 9 спортшысы сүрінбеген Қытай, екінші орында8 боксшысы түгел Үндістан командалары. 

Біздің боксшылардың бүгінгі қарсыластары: 

Карина Ибрагимова - Венлю Янг (Қытай)

Фариза Шолтай - Виктория Кебикава (Беларусь)

Жайна Шекербекова - Сандра Драбик (Польша)

Милана Сафронова - Мария Бова (Украина)

Ләззат Күнгейбаева - Даниела Перкинс (АҚШ)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал