- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Волейболдан Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеше Кенияға 0:3 есебімен жол берген біздің құрама бүгін де дәл осындай есеппен ұтылды. Бұл жолы Пуэрто-Рикоға есе жібердік.
Қазақстандық команда үш партияда 21:25, 15:25 және 22:25 есебімен қарсыластарға жол берді.
Бүгінгі кездесуде Сана Анарқұлова 8, Екатерина Жданова мен Яна Петренко 7 ұпайдан жинады.
D тобында екі кездесуде де жеңіске жеткен Сербия мен Бразилия құрамалары көш бастап тұр.
Ертең біздің құрама Доминикан Республикасына қарсы ойнайды.