02.08.2018, 8:25 766 Әлібек Бөлешов спорттан кетті

Белгілі футболшы Әлібек Бөлешов спортшылық мансабын аяқтап, Көкшетаудың «Оқжетпес» командасында қызмет атқаратын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат команданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлібек Бөлешов 1981 жылдың 9 сәуірінде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Футболшылық мансабын 1999 жылы өзінің туған қаласының «Жетісу» командасында бастады. Ол 20 жылға жуық уақыт ішінде еліміздің «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Атырау», «Тараз», «Сұңқар» командаларында ойын көрсетті. 2013 жылдан бері аздаған үзіліспен Көкшетаудың «Оқжетпесінің» намысын қорғап келеді. Алты жыл ішінде аталмыш команда құрамында 141 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 58 гол соқты. Ол әзірге «Оқжетпестің» сұрмергендер көшін бастап жүрген.

Қазақстан ұлттық құрамасында 2002-2004 жылдар аралығында 9 ойынға қатысты. Әлібек Бөлешов Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 332 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 100 гол соққан.

Енді ол «Оқжетпес» командасында әкімшілік қызметтің бірін атқаратын болды. Команда басшылығы әзірге ол қандай қызмет екенін нақты хабарлаған жоқ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал