06.07.2018, 15:33 913 Алматыда еркін күрестен халықаралық жарыс өтіп жатыр

Алматыда еркін күрестен жастар арасында халықаралық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бұл сынға еліміздің білекті жігіттерінен бөлек, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-тың балуандары қатысады. Спортшылар 10 салмақта белдеседі. «Болашақта ел намысын қорғайтын жігіттер осындай халықаралық жарыстарда шыңдалады. «Сондықтан осы турнирді жастар арасында өткізуді жөн көрдік», – дейді күрес қауымдастығының басшылары.

Бүгін «Балуан Шолақ» спорт кешенінде ұлттық құрама сапындағы бірінші, екінші нөмірлі спортшылардың барлығына мүмкіндік беріледі. Атап айтқанда, Абылай Сағынғали, Дәулет Ергеш, Шыңғыс Мұхаметқалиев, Әлішер Ерғали және Серік Бақытжанов пен Бақдәулет Өсербай өз шеберліктерін көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал