05.07.2018, 14:39 1311 Азия чемпионатында қазақстандық волейболшылар ұтылып қалды

Иранда өтіп жатқан Волейболдан 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынща, алғашқы сетте Қазақстан құрамасы 12 ұпай айырмашылығымен, 13:25 есебімен жол берді. Келесі сетте Қазақстан құрамасы ұпай айырмашылығын қысқартты, бірақ жеңіс үшін бұл да жеткіліксіз еді. Есеп: 18:25. Соңғы сетте 22:20 есебімен жеңіп тұрған қазақстандық волейболшылар шешуші минуттарда қарсыластарына 25:23 есебімен жол берді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлдеге таласу құқығынан айырылып, 13-16 орындарға таласатын болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал