23.11.2017, 13:59 9905 "Барыстың" ойындарына қанша көрермен келеді?

Соңғы кездері құрлықтық хоккей лигасының ойындарына жиналатын жанкүйерлердің саны азайып барады. Осыдан бірнеше күн бұрын «Куньлунь Ред Стар» мен «Салават Юлаев» ұщырасқан кездесуде кезекті антирекорд орнатылған еді. «Леспортс-центр» спорт комплексіне небәрі 400 жанкүйер жиналған. 21.7 млн тұрғыны бар Бейжің қаласының клубы үшін бұл адам шошырлық статистика екені айтпаса да белгілі. Осы тұста біз «Барыс» хоккей клубының өз айдынында өткізген ойындарға баратын жанкүйерлердің жалпы санын есептеп көрсек деген ойға келдік. Астананың командасы осы жылы өз алаңында 18 ойын өткізген екен. Әр ойынға орташа есеппен алғанда 6432 жанкүйер келеді. Ең көп көрермен Мәскеудің «Цска» клубына қарсы өткен ойында тіркелген. Аталған матчқа «Барысты» қолдауға 10091 хоккей жанкүйері жиналған. «Барыс-Аренаның» сыйымдылығы 11626 адам екенін ескерсек, жаман көрсеткіш деп айтуға келмейді.

  • «Барыс» өз айдынындағы келесі ойынын 3-ші желтоқсан күні «Металлургқа» қарсы өткізеді.

Фото: hcbarys.kz

Мұхтар Жәмішжанов

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал