27.09.2018, 15:28 10343 Бокстан 2018 жылғы ел чемпионаты Ақтауда өтеді

2018 жылғы бокстан Қазақстан чемпионаты Ақтау қаласында өтеді. Өңірлерден келген өтінімдермен танысқан бокс федерациясының таңдауы Каспий бойындағы қалаға түсті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ел біріншілігі 11-18 қараша аралығында жаңадан салынған «Маңғыстау Аренада» өтеді. Бұл кешенге екі мыңға жуық жанкүйер сыйып кетеді. 

Чемпионатқа еліміздің бар аймағынан 160 қатысушы мен бапкерлер қауымы жиналмақ. 

«Бокстан ел біріншілігі Маңғыстауда алғаш рет өткелі тұр. Бұл ірі спорттық оқиға Ақтау қаласының 55 жылдығымен де сәйкес келді. Біздің аймақта бокстың өте танымал спорт түрі екенін ескерсек, жанкүйерлерді керемет мереке күтіп тұрғанына күмәнім жоқ», - дейді облыстық бокс федерациясының басшысы. 

Біріншілік қорытындысы бойынша ұлттық құрама жаңарып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында дайындық кезеңі жалғасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал