- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 2019 жылы қыркүйекте Екатеринбургте (Ресей) өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.
Жарыстың негізгі алаңы «Екатеринбург-ЭКСПО» көрме орталығы болатындығы күтілуде. Жекпе-жектер де осындағы бірнеше мың адам сиятын конгресс орталығында өтеді.
Еске сала кетсек, 2013 жылы әлем чемпионатын Алматы қабылдаған еді. Ал соңғы турнир 2017 жылы Гамбургте (Германия) өтті.