22.11.2018, 9:25 8418 Дамир Исмағұлов жеңілмеген австралиялықпен кездесуі мүмкін

Жеңіл салмақтағы M-1 Global экс-чемпионы Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда Аделаидтағы дебюттік кездесуін ешқашан жеңілмеген автралиялықпен өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу талқылануда! Дамир Исмағұлов(16-2-0) мен Алекс «Хитмэн» Джорджес (7-0-0). UFC Fight Night 142», - делінген mma_kazakhstan Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек, Орынбор тумасы, қазақ Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда Аделаидта UFC Fight Night аясында дебют жасайтынын бұрын хабарлаған болатынбыз. Дамир Исмағұлов UFC Fight Night аясында ирландыққа қарсы бокспен қатар, джиу-джитсу және таэквандо элементтері бар жекпе-жекке шығатыны хабарланған.

Алайда, көп өтпей ирландықтың жарақат алып, айқасқа шығудан бас тартқаны белгілі болған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал