28.09.2018, 15:00 10117 Дастин Бойд «Барысқа» қайта оралды

«Барыс» хоккей клубы шабуылшы Дастин Бойдпен келісім-шартқа қол қойылғанын ресми түрде мәлімдеді. 

Ойыншы 2019 жылдың 30 сәуіріне дейінгі біржақты келісімге қол қойды. 

Биылғы маусымда Бойд Мәскеудің «Динамосында» ойнап, 48 матчта 19 ұпай жинаған. Маусымдағы бес матчтан соң мәскеулік команда Бойдпен келісімді тоқтатты. 

Еске сала кетейік, 2011-2017 жылдар аралығында хоккейші «Барыс» намысын қорғаған болатын. Құрлықтық хоккей лигасында ол жалпы есебі 385 ойын өткізіп, 256 ұпайға (119+137) иелік етті. 

Сондай-ақ, Бойд Қазақстан ұлттық құрамасына жиі шақырту алады. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал