31.07.2018, 8:23 9811 Давид Лория жарақат алды

«Ордабасы» голкипері Давид Лория жарақатына байланысты «Ордабасының» алдағы матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Шымкенттіктердің тәжірибелі қақпашысы «Жетісумен» матчта бірінші таймда ғана ойнады, кейін орнына Жасур Нәрзіқұлов шықты. Белгілі болғандай, Д. Лория ахилл сіңірін жарақаттап, ойынды жалғастыра алмаған. Енді ол толықтай тексерілуі тиіс, кейін ғана жарақатының деңгейі мәлім болады. Бірақ, голкипер стадионнан ақсаңдап кетті.

Лория өткен маусымның соңында аса ауыр жарақат алған еді. Оның ахилл сіңірі ажырап кеткен болатын. Италияда ота жасалып, кейін Италия мен Сербияда білікті дәрігерлерден ем қабылдады. Кейін ақпанда «Ақтөбемен» келісім жасап, бірақ наурызда «Ордабасыға» ауысты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал