28.11.2017, 11:55 10556 Давид Лорияның алаңға қашан оралатындығы белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Давид Лория жасыл алаңға қашан оралатындығын айтты.

 «Ертіс» клубының қақпашысы Давид Лория жасыл алаңға 4-6 айдан кейін ғана шыға алады. Бұл ақпаратты sport.inform.kz  порталының тұсаукесеріне қонақ болып келген Лорияның өзі растады.

Келесі маусымның алғашқы ойындарына «Ертіс» командасының қақпашысы аталған жарақатына байланысты қатыса алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық футболшы ҚПЛ-дың 31-ші турында ауыр жарақат алып, алаңнан зеңбілдің көмегімен шығарылған еді.

Мұхтар Жәмішжанов

 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал