23.07.2018, 15:34 10207 Денис Тенді еске алу мақстатында арнайы жейде киіп шыққан қазақстандық таэквандошы жүлдегер атанды

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен таэквондодан G2 санатындағы рейтингілік "Korea Open" турнирінде Руслан Жаппаров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Руслан турнирде үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесті.

Ол алғашқы екі қарсыласын 19:17 және 3:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда 28:10 есебімен жол берді.

Руслан өз жеңісін Денис Теннің рухына бағыштап, оны еске алу мақсатында арнайы жейде киіп шықты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал