- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, жарыста І орын алған дзюдошы 700 ұпай, ІІ орын алған дзюдошыға 490 ұпай, ІІІ орын алған дзюдошылар 350 ұпайға ие болады.
Жарыс чемпионы атанған Елдос Сметов жаңа рейтингте 21-ші орыннан 11-ші орынға көтерілсе, осы жарыста күміс жүлдеге ие болған Ғұсман Қырғызбаев өзінің 7-ші орнын сақтап қалды. 66 келіде қола жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов 10 орынға жайғасты.
Жаңартылған рейтнгтегі қазақстандықтар (TOP-50):
60 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 7 (3501)
Елдос Сметов – 11 (2523)
66 кг
Елдос Жұмақанов – 10 (2797)
73 кг
Жансай Смағұлов – 9 (2668)
90 кг
Ислам Бозбаев – 12 (2372)
-100 кг
Виктор Демьяненко – 38 (961)