22.11.2018, 11:40 8856 Елеусіновтің келесі жекпе-жегін қайдан көре аламыз

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 24 қараша күні кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Хабар» ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшының қарсыласы никарагуалық Маркос Мохика болады.

Монакодан тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасы көрсетеді. 24 қараша күні сағат 01:00-де шаршы алаңдағы тартысты кездесуге куә боламыз.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 20 қазанда Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренада американдық боксшы Мэтт Доэртимен (8-6-1, 4 КО) кездесіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал