28.11.2018, 8:30 15854 Елеусіновтің профиде алғашқы титулдық жекпе-жегі қашан өтеді

ESPN телеарнасының тілшісі әрі комментаторы Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 KO) алдағы жылға жоспары туралы баяндап берді.

Оның Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирнге сілтеме жасап атап өткеніндей, алдағы жазда біздің отандасымыз кәсіби боксшы статусындағы алғашқы титул үшін жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр. Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Елеусінов Монте-Карлода болып өткен бокс кешінде никарагуалық боксшы Карлос Мохикуны 16-3-2, 12 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

«Елеусінов қадамын жылдам басып келеді. Сәуірде профиде алты раундтық айқастан бастаса, Мохикаға қарсы жекпе-жек сегіз раунд болмақ. Промоутері Эдди Хирн 2019 жылы оның он раундқа өтетінін, ал жазда аймақтық титулдар үшін бокстасатынын айтты», - деп жазды Рафаэль.

 


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/eleusinovtin-profide-algashky-tituldyk-zhekpe-zhegi-kashan-otedi_a3467454

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал