30.10.2018, 16:22 9306 Фейсбукте «Қайрат». Өзгеріс» кітабының ресми парақшасы пайда болды

Фейсбук әлеуметтік желісінде «Қайрат» футбол клубы туралы жақында шығатын кітапқа арналған парақша пайда болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Мен Кітаппын. Спорт туралы, соның ішінде футбол, атап айтқанда, көп жылдан бері Алматының ғана емес, күллі Қазақстанның футбол бренді болып келе жатқан алматылық «Қайрат» туралы авторлық туындыларды оқығанды жақсы көретін адамдарға арналған кітаппын. Менің атым «Қайрат». Өзгеріс». Мен танымалдылыққа ие болып, Қазақстандағы алғашқы спорттық бестселлер болғым келеді!», - делінген алғы сөзде.

Еске салайық, «Қайрат». Өзгеріс» атты кітап екі тілде жарық көреді. Оның авторы - танымал спорт журналисі Айдын Қожахмет. Оны қазақ тіліне танымал спорт комментаторы Есей Жеңісұлы аударған. Кітаптың тұсаукесері 9 қарашада Алматыда, Гоголь көшесіндегі «Меломан» дүкенінде өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал