28.11.2018, 7:48 12237 Фируза Шәріпованың бапкерлері ауысты

Фируза Шәріпова WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстреммен титулдық айқасқа дайындық үшін бапкерлерді ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі салмақ дәрежесінде бірқатар чемпиондық белбеулердің иегері қазақстандық Фируза Шәріпова WBC әлем чемпионы титулы үшін финляндиялық Ева Вальстреммен жекпе-жектің алдында бапкерлер штабын ауыстырды.

Спортшыныңи баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі таңда Шәріпова жарақат алғаннан кейін Таразда емделіп жатыр. 2 желтоқсанда ол Алматыдағы «Әлем барысы» турниріне барады, одан кейін Мәскеуге дайындық үшін оралады. Спортшы Бокс прогресс орталығында Альберт Муталибовтың қол астында жаттығады. Ева Вальстреммен айқас 2019 жылдың басында өтеді. 

Еске салайық, Фируза Шәріпованың WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы және IBO Championship белбеуі үшін Ева Вальстреммен айқасы 22 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтуі тиіс еді.  Қазақстандықтың жарақатынан кейін жекпе-жек кейінге шегерілді.



  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал