- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Қазақстандық теннисші Аяп Сағадат Шарм-ел-Шейхте өткен ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Жарыстың жүлде қоры 15 мың доллар.
Турнирдің финалында Аяп португалиялық Франциско Диаспен бірге ресейлік спортшылар Александр Гошин мен Шалва Джанашияны 7:6(4), 4:6, 10:2 есебімен ұтты.
Жартылай финалда Аяп пен Диас ресей-украина дуэті Антон Чехов пен Владислав Орловқа қарсы шықты, есеп 7:6(8),6:4.
Ширек финалда Аяп пен Диас аустралиялық Лауренс Баталжин мен бахрейндік Әли Дашаниді жеңген еді.
Олар жарыстың алғашқы айналымында украиналық Анатолий Петренко мен ресейлік Ян Сабанинді ұтты.