21.11.2017, 10:44 10015 Қанат Ислам жыл спортшысы атағын жеңіп алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасымен  жылдың үздік спортшысы атанды.

Алматыда өткен арнайы кеште Қанат Исламға «Алтын Адам» сыйлығы табысталып, «Жыл спортшысы» атағы берілді.

Ағымдағы жылы Қанат Ислам үш жекпе-жегін өткізген.  АҚШ-тағы алғашқы жекпе жегінде бразиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірсе, келесіде мексикалық Норберт Гонсалесті айқын басымдылықпен ұтқан еді. Соңғы жекпе-жегін қазақ жерінде, Астана қаласында канадалық Брэндон Кукқа қарсы өткізіп, тағы да жеңіс туын желбіретті. Осы жылы Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы екінші дәрежелі  WBO NABO және  WBA Inter-Continental  белбеулерін жеңіп алды. WBA рейтингісінде қазақстандық боксшы бірінші орында тұр.

«Мен үшін ең бастысы елімнің тәуелсіздігі. Біздің еліміз тәуелсіздігінің арқасында  әлемге танылды. Мен үшін рингте туымызды көтеріп, әнұранымызды шырқағаннан артық бақытты сәт жоқ», - деді өз сөзінде боксшы.

Айта кетейік, «Алтын адам» жүлдесінің иегерлеріне ақшалай сыйақы берілмейді. Ал жеңімпаздарды арнайы құрылған әділқазылар таңдаған.

  • Өткен жылы бұл атақты Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин алған болса, 2015 жылы Генадий Головкин үздік атанған еді.

Айдана Алдоңғарова

 

 

 

 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал