Кәсіпқой боксшы WBO NABO мен WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Қанат Исламның бесінші баласы дүниеге келді.
Былғары қолғап шебері көп балалы әке атанғаны туралы өзінің инстаграм желісінде хабарлады. «Team QAZAQ-та үлкен қуаныш. Қанат Ислам 5-ші рет əке атанды», - делінген боксшы командасының ресми парақшасында. Алайда, жазбада спортшының отбасында нақты кімнің дүниеге келгені айтылмаған.