- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен екінші кездесуге келіскеннен кейін әлеуметтік желіде арнау жолдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.
«Головкинмен алдағы жекпе-жекке келіскендігімді сіздерге хабарлауға асықпын. Біз 15-ші қыркүйек күні жұдырықтасатын боламыз. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды екенін ұмытпаңыздар», - дейді «Канело» инстаграмдағы видеоарнауында.
Біз бұған дейін Головкин мен Альварестің екінші кездесуге келіскендігі туралы жазған едік.
Головкин жауапты кездесуден кейін 40 миллион доллар табыс табады.