- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
13-15 шілде аралығында Иордания астанасы Амманда каратэден (WKF) Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтың 29 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы қатысатын турнирден Қазақстан спортшылары да сырт қалмайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Бапкерлер кеңесі Амманда сынға түсетін спортшылар тізімін жариялады.
Ерлер: Мәди Қатесов (жекелей сын, ката), Қайсар Алпысбай (60 кг), Асылбек Мұратов (67 кг), Руслан Есмаханбет (75 кг), Игорь Чикмарев (84 кг), Нұртілес Тынысбек (+84 кг).
Қыздар: Әсел Серікова (-50 кг), Аружан Мұхтар (55 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Александра Будкина (68 кг), Айжан Анарбай (+68 кг), Лия Қошқарбаева (жекелей сын, ката).
Турнирдегі бәсекелер 13 шілде күні өтеді, ал жұбаныш белдесу мен қола медаль үшін күрес, сондай-ақ, финалдық жекпе-жектер 14 шілдеге жоспарланған. 15 шілдеде командалық жарыстағы жеңімпаз анықталады.