15.10.2018, 14:27 9264 «Қайрат» бас бапкерін қызметінен босатты

«Қайрат» ФК-ның спорт базасында қадағалаушы кеңестің төрағасы Қайрат Боранбаевтың бастауымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Баспасөз мәслихаты барысында клубтың бас бапкері Карлос Алоспен қош айтысқандықтары айтылды. Испаниялық маман былтыр «Қайраттың» тізгінін ұстап, Қазақстан Кубогы мен Премьер-лиганың күміс медалін жеңіп алды. Осы маусымда команда тағы да ел кубогының финалына жолдама алып, ішкі біріншілікте екінші орында келеді.  

Енді клуб ұжымы басшылық тізгінін қазақстандық спортшы Андрей Карповичке сеніп тапсыруды ұйғарды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал