01.07.2018, 6:17 1295 Қазақстан іріктеу кезеңінде Ирактан ұтылып қалды

Катар астанасы Дохада баскетболдан 2019 жылғы әлем чемпионатына Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандықтар Ирак құрамасынан жеңілді. 

Алғашқы екі  кезеңде 20:10, 16:11 есебімен жеңген отандық спортшылар қалған екі кезеңде сәтсіз ойнады. Соңғы кезеңде 4:24 есебімен ойсырай ұтылғаны салдарынан Қазақстан құрамасы Иракқа 50:64 есебімен жол берді.

Десе де, бұл жеңіліс Қазақстан құрамасының келесі айналымға өтуіне кедергі келтірмейді. Себебі, Қазақстан үш ойындағы жеңіс және бір ойындағы жеңілітен соң екінші айналым жолдамасынан шешіп қойған болатын.

Аталған матчта қазақстандықтар қатарынан Максим Марчук 14 ұпай жинаса, Антон Быков 10 ұпайға ие болды. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал