25.10.2018, 15:45 9241 Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) 2018 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша жариялаған рейтингіне сәйкес Қазақстан Ұлттық құрамасы өткен аймен салыстырғанда бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 117 орынға жайғасты. 

Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар Лигасы аясында екі матч өткізді. Сырт алаңда Латвия құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, өз алаңында Андорра құрамасын 4:0 есебімен ұтты. 

Станимир Стоилов командасы келесі ойынын 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвиямен өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. 19 қараша күні біздің футболшылар сырт алаңда Грузиямен ойнайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал